ҮЛКЕН МІНДЕТ, ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған дәстүрлі биылғы Жолдауының тақырыбын «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп атап көрсетуінің өзі әрбір қазақстандыққа жігер берді.

 

alogo2050Елбасы, алдымен, әрбір қазақстандықтың  25-30 жылдан кейін емес, бүгінгі күні толыққанды өмір сүру керектігін баса айтты. Әсіресе, Елбасы өз сөзінде қажетті әрі сұранысқа ие мамандарды даярлау жайына тоқталды. Осы орайда, студенттердің толыққанды білім алып шығуы үшін жасалатын жағдайларға алдымен көңіл аударды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап студенттердің шәкіртақысы 25%-ға, ал азаматтық қызметкерлердің еңбекақысы 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 25 %-ға өсетіндігін нақтылап көрсетті.  Жолдауда көрсетілген бір мақсаттың төңірегінде біздің оқу орнының ұжымы да бір кісідей атсалысады. Біздің алдымызға қойған ең басты мақсат жұмыс берушілердің талабына сай мамандарды оқытып шығару және мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыру болмақ.

Атырау өңірінде ауыл және балық шаруашылығы салаларында кәсіби білікті маман-кадрлар дайындап келе жатқан оқу орнында, ең алдымен, жаңа заманауи технологияны меңгерген, бәсекелестікке қабілетті маман дайындау, жастарға қазақстандық патриотизм рухында тәрбие беру міндеті тұр. «Жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Дипломмен – ауылға» бағдарламаларын, «Оқытудың дуальдық жүйесін» толықтай оқу-тәрбие процесіне енгізу секілді жүйелі жұмыстар да жүзеге асуда. Ауыл шаруашылығы саласына арналған «Ветеринария» және «Фермер-ұйымдастырушы» мамандықтарын бітірушілердің өз туған ауылдарына мамандығына сай жұмысқа орналасқанда, материалдық-әлеуметтік жағдайларының толықтай мемлекет тарапынан қолдау табуына жағдай жасап, оңтайлы шешуге мән беріп келеміз.

Болат ҚОЖИЕВ, 

Атырау аграрлы-техникалық колледжінің директоры, 

экономика ғылымдарының кандидаты. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз