Зиянды тағамдардың жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі құрамында қант, тұз және транс-майлары көп азық-түлік өнімдерінің жарнамасына шектеу қоюды ұсынды.
Министрліктің хабарлауынша, адам денсаулығына залал тигізетін мұндай тағамдарға шектеу қою дамыған елдердің тәжірибесінде бар.
«2018 жылы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасына құрамында қант, тұз, транс-майлары көп тағамдардың жарнамасын шектеу жөнінде толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. ЕАЭО аясында кедендік одақтың техникалық регламенттеріне денсаулыққа зиян қант, тұз, транс-майлар құрамына және олардың таңбалануына талаптарды күшейту тұрғысында толықтырулар енгізілуі қажет», — деді денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой министрлік алқасының кеңейтілген отырысында.
Хорлан Смадияр