Өрттің алдын алған жылыойлық полицейлер бүлдіршіндерді құтқарып қалды (+ ВИДЕО)

1 9 Жаңалықтар

«Жылыойлық полицейлер өрттің алдын алды» деп хабарлайды Atr.kz

11 сәуір күні таңғы сағат 04:17 шамасында Жылыой аудандық Полиция бөлімінің кезекші бөліміне Құлсары қаласының көп қабатты үйлерінің бірінде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті.

Полиция қызметкерлері жедел қызметтерге хабарласып, оқиға орнына жетіп, олардың келуін күтпестен көмектесуге кіріседі. 

Полицейлер қою түтін басқан үй ішін тексеріп, көршілес пәтерлерден  жас шамалары 4, 5, 6 жастағы балалар мен ересек адамдарды сыртқа шығарып,  жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырады. Құтқарылған адамдардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ .

«Бірі қалмай сыртқа шығарылғанына көзіміз жеткенше үйге кіріп, түтінге оранған бөлмелерді қайта-қайта тексердік», – дейді полиция қызметкерлері.

Осылайша, полицейлер мен төтенше жағдай қызметкерлерінің батыл шешімі адам шығынының алдын алды. Қиын сәтте қатерге қарамай, шұғыл әрекет еткен Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Төлепов Жәнібек, «Қайсар» түнгі тосқауыл тобының қызметкері полиция аға лейтенанты Алмат Шахаев , патрульдік  полиция  взводының инспекторлары полиция аға лейтенанты Марат Ансат және  полиция кіші лейтенаты Ақжол  Тойгулов нағыз азаматтықтың үлгісін көрсетті.

«Қандай жағдай болмасын, бірінші кезекте халыққа көмектесу – міндетіміз. Бұл әрекетімізді ерлік немесе батырлық деп санамаймыз.  Бастысы, адамдар дін аман», – дейді учаскелік полиция инспекторы Жәнібек Төлепов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз