whatsapp image 2021 07 25 at 19.45.19

Атырауда сайлаушылардың 80 пайызға жуығы дауыс беруге қатысты

Жаңалықтар Сайлау - 2021 Тәуелсіздікке 30 жыл
5 / 100

Бүгінгі ауыл әкімдерін сайлау қалай өтті? Қорытындысы қашан дайын болады? Бұл сұрақтардың жауабын Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов онлайн брифинг барысында берді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.


Ол, алдымен, сағат 21:00-де келіп түскен статистикамен бөлісті.


– Атырауда сайлаушылардың 74,4 пайызы дауыс берді. Оның ішінде, Қызылқоғада — 85,8; Исатайда — 85; Жылыойда – 80,7; Индерде — 77; Махамбетте — 80,8; Құрманғазыда – 71,7 және Атырау қаласында — 66 пайыз. Ал, сайлаушылардың жалпы саны – 44305. Сайлау округтерінің саны – 18, – деді комиссия төрағасы.


Осыдан кейін спикер тұрғындардан түскен сауалдарға жауап берді.


– Сайлаудың есебі әлі жүріп жатыр. Бірақ, алдын ала мәлімет бойынша барлығы 175 байқаушы қатысты. Оның 19-ы – БАҚ, 89-ы – қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйым, 46-сы – саяси партия өкілдері және 21-і – үміткерлердің сенім білдірген адамдары.


Ал, карантин талаптарына байланысты орын саны шектеулі болғандықтан учаскеге кіре алмаған байқаушыларға сайлау комиссиясы түсінік жұмыстарын жүргізді. Жалпы, байқаушылар тарапынан түскен арыз-шағымдар тіркелген жоқ. Карантин талаптары мен сайлау заңнамасы бұзылған деректер тіркелмеді, – деді спикер.


Айта кетейік, сайлау қорытындысы нақты ертең, яғни, 26 шілде күні сағат 15:00-де шығады деп жоспарланып отыр.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған