
Жаңалықтар
Жылыойлық полицейлер шетелдіктерді тонаған күдіктілерді ұстады
21 ақпан күні Доссор — Құлсары тас жолында орналасқан шайхана ішінде белгісіз адамдар тобы тапаншаға ұқсас затпен Өзбекстан Республикасының азаматтарын қорқытқан.
4 ұялы телефон мен мың рубль қаражатын ашық түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған.
«20, 18, 20 жастағы аудан тұрғындары қамауға алынды.ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.