Жылыойда 15 пәтерді тонаған күдіктілер қолға түсті (+ВИДЕО)

210317013110175e Жаңалықтар

Атырау облысының Жылыой ауданында 15 пәтерді тонаған күдіктілер ұсталды.

Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 12 наурызда аудан орталығы – Құлсары қаласында жедел іс-шаралар жүргізген. Іс-шара кезінде пәтер ұрлығы қылмысына күдікті 1995 және 1994 жылы туған екі тұрғын ұсталды. Олар – Құлсары қаласының тұрғындары.

«Тексеру кезінде күдіктілердің Жылыой ауданында тіркелген 15 пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Сондай-ақ, күдіктілерден алтын бұйымдар мен электрондық техника табылып, тәркіленді» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

ҚазАқпарат


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз