Белсенділерге – Алғыс хат табысталды

ANU 6858 Жаңалықтар

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Атырау облысының Астанадағы мәдениет күндері жоғары деңгейде өтті. Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев мұнайлы  аптаға жуық уақытқа созылған ауқымды шараға белсенді атсалысқан бір топ қызметкерді  қабылдады.

ANU_6858

– Ұлы даламыздың қасиеті дарып, өнер қонған Атырау өлкесінің экономикалық дамуын, ауыл шаруашылығындағы алға басулар мен индустриалды-инновациялық өркендеуін, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұрамызды шебер көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздердің еңбектеріңіз арқылы көрмеге жаһаннан жиналған саяхатшылар, еліміздің алыс аймақтарынан ағылған отандастарымыз Атыраудың айшықтарын тамашалап, тылсым табиғатымен таныса алды, – деп Әлібек Ибатоллаұлы өңірдегі мәдениет саласының ұжымдары мен бір топ қызметкерді аймақ басшысының атынан Алғыс хатпен марапаттады.

Құрметке бөленгендер арасында Астанадағы мәдениет күндерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихаттаған журналистер де болды.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз