Тұрғындар қалашығына қатынай алмаймыз…

65964423 845441829171635 7113157739932549120 n 1 Жаңалықтар

Atr.kz/13 маусым, 2019 жыл. Атырау қаласында, нақтырақ айтқанда, Тұрғындар қалашығына қатынайтын қоғамдық көліктер көбейсе екен. Әйтпесе, қазір бұл жерге тек үш-төрт маршрут қана белгіленген.

Мәселен, қала маңындағы ауыл тұрғындары үшін тіптен қиын. Олар күнделікті мінетін №5, 8, 51, 57 автобустар Тұрғындар қалашығына кірмейді. Сол жерге бұлардың біреуін бағыттаса да жеткілікті. Әсірее, мектеп оқушылары қатты қиналады. Алда жаңа оқу жылы да жақындап қалды. Сондықтан, бұл мәселе тез арада шешімін тапса жақсы болар еді.

Оның үстіне, Жайықтың қос бетін жалғап тұрған көпір де осында орналасқан. Ендеше, бұдан пайда келмесе, зиян жоқ. Тіпті, Тұрғындар қалашығын қаланың барлық аумағымен байланыстыратын бөлек маршрут шығарса да артық етпейді. Бұл да өз шығындарын толықтай ақтайды деп сенемін. Себебі, шаһар аумағы да, ондағы халық саны да артып келеді.

Арман ЖӘДІГЕРОВ

Атырау қаласы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз