ЖаңалықтарЭкология

Көкжиде суы мұнаймен ластанып жатқанын айтты

Темір ауданындағы Көкжиде кен орнында көмірсутегін өндіруді тоқтату керек, деп мәлімдеді Ақтөбе облысының экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Тұрар Қожанов.

Мемлекеттік комиссияның бағалауы бойынша кен орны тәулігіне 196,5 мың текше метр су өндіруге қауқарлы. Дегенмен Көкжиде бес компания жұмыс істейтін мұнайлы аймақта орналасқан, деп жазды «Диапазон» газеті.

«Көкжиде республикалық маңызы бар нысандар тізіміне енді. 2009-2019 жылдары экологиялық зерттеу жүргізіліп, жер асты суларының мұнаймен жыл сайынғы ластануы анықталды. 2022 жылы Көкжидеде құрамында мұнай бар заттардың концентрациясы рұқсат етілген нормадан алты есеге асып түсті», – деді Қожанов.

Оның пікірінше, ұңғымаларда апат болған жағдайда жер асты суларының мұнаймен толық ластану ықтималдығы жоғары. Мұндай жағдайда ел ауыз судың орасан қорынан айырылады.

«2022 жылы «Ада Ойл» компаниясына қатысты 16 миллион теңгеге 13 әкімшілік іс, «ҚМК Мұнайға» қатысты 30 өндірістік іс қозғалды. Іс сотқа жолданды. Көкжиде жерасты суы кен орнын сақтап қалу мақсатында 2022 жылдың қараша айында біз осы кен орнын ластаушы жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшартты бұзу туралы экология министрлігіне ұсыныс жолдадық», – деді Қожанов.

Спикердің айтуынша, одан кейін энергетика министрлігі мен экология министрлігі 2023 жылдың 1 ақпанына дейін бұл кәсіпорындар Көкжиде аумағында мұнай өндіруді тоқтату жоспарын дайындап, бекіту керек деген шешімге келді.

Алайда 2022 жылдың желтоқсан айында облыстық экология департаменті аталған компаниялардың жұмыс істеуіне рұқсат беріп, 1 ақпанға дейін кәсіпорындар мұнай өндіруді тоқтатудың бекітілген жоспарын тапсыруға тиіс екенін ескерткен.

Айта кетері, жерасты суы кен орнында «СПНС Ақтөбемұнайгаз» кәсіпорнында 10 ұңғыма, «ҚМК Мұнай» мекемесінде – 76 ұңғыма, «Ада Ойл» фирмасында – 69 ұңғыма, «Қазақойл Ақтөбе» кәсіпорнында – 121 ұңғыма, «Өріктау Оперейтинг» мекемесінде – 20 ұңғыма бар.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button