Жол бойындағы КӨП МӘСЕЛЕ

23dorogi Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі онлайн-кеңесте мемлекет басшысы Атырау облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың 85 пайызы, облыстық маңызы бар жолдардың 61 пайызының ғана ахуалы орташа және қанағаттанарлық деп бағалады. Бірақ, бұл орташа республикалық көрсеткіштен төмен ескендігін ескертті.

Жұмыс жыл бойы жүреді

 Осы мəселенің себебін сұрап, облыстық жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының басшысы Əсет Оразғалиевке бардық.

– О б л ы с т а  ж а л п ы пайдаланымдағы автокөлік жолының ұзындығы 3047 шақырым. Оның 1120 шақырымы республикалық маңыздағы, қалған 1927 шақырымы – облыстық жəне аудандық маңызы бар жолдар. Былтыр көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында облыстағы 37 елді мекенді қамти отырып, 270 шақырымнан астам автокөлік жолына жөндеу жұмыстарын ж ү р г і з д і к . Б ұ ғ а н қ о с а , Құрманғазы ауданының Бірлік, Теңіз, Котяев ауылдарының кірме жəне ауылішілік жолдарына, Индер ауданына қарасты Ақтан, Қызылжар ауылдарының кірме жолдары, Индербор кентішілік жолдары, Есбол ауылішілік жолы, Ж ы л ы о й а у д а н ы Құлсары қалаішілік жолына, Махамбет ауданы Махамбет, Ақтоғай, Талдыкөл ауылішілік жолдары, Исатай ауданы Аққыстау ауылішілік жолына, Мақат ауданы Мақат кентішлік жолдарына қайта жаңғырту жұмыстары жасалып, ірі елді мекендерге 115 шақырым жаяу жүргінші жолы салынды, – деді басқарма басшысы.

Биыл 87 шақырымдық Индер-Қарабау аралығы, Ганюшкино-Приморье-УтерыКотяевка, Ақкөл-Қызылоба-4-ші разъезд-Қиғаш жол учаскелерінде қайта жаңғырту жұмыстары жалғасады.

Сондай-ақ Қызылқоға ауданының Мұқыр, Сағыз, Құрманғазы ауданының Сафон ауылдарының жолына, Исатай ауданында Нарын ауылының кірме жолы, Мақат ауданы Доссор кентішілік жолдары жөнделеді.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес облыстың транзиттік əлеуетін арттыру жəне жүк көліктерінің қозғалысын реттеу мақсатында Атырау қаласының солтүстігінен салынатын 27 шақырымдық айналма жолдың жобалаус м е т а л ы қ  қ ұ ж а т т а м а сы жасақталып жатыр.

Осы тəріздес 45 шақырымдық айналма жол Құлсары қаласынан да салынбақ. Қазір оның техникаэкономикалық негіздемесі жобалануда. Сондай-ақ Доссор кентінен айналып өтетін 5,7 шақырымдық жолдың құрылысы да басталды, – деді Əсет Самарқанұлы.

Былтыр «Ж ұ м ы с п е н қамтудың Жол картасы» аясында көлік инфрақұрылымы саласындағы жоспарланған 16 жобаның 6-уы жүзеге асқан. Қалған 10 жобаның жасалып жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары биыл аяқталуы тиіс. Бұл жоспарға Көктоғай, Елтай, Бейбарыс, Береке ауылішілік жолдарына күрделі жөндеу, Индербор кентінің жолдарына орташа жөндеу, Исатай, Тұщықұдық, Жамансор, Бəйгетөбе ауылішілік жəне Мақат кентішілік жолына қайта жаңарту кіреді.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Құрманғазы ауданында Нұржау, Исатай ауданында Жанбай ауылішілік жолы, Мақат ауданында Мақат кентішілік жəне Бəйгетөбе ауылішілік жолдары қайта жаңғыртылып жатыр. Ал, моноқалаларды дамыту бойынша биыл Құлсары қаласындағы 34,4 шақырымдық автокөлік жолына қайта жаңғырту жұмыстары жалғасады. – Биыл облыс бойынша 110 шақырымға жуық жергілікті маңызы бар жолды жөндеуге 13,5 млрд. теңге бөлінді. Оның 5,1 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен, 8,4 млрд. теңге жергілікті бюджеттен бөлінді. Бұл ретте Аққыстау (16,3 км), Таңдай (2 км), Миялы (12,8 км) ауылдарының ішкі жолдарына күрделі жөндеу, Жаңа Қаратон кентінің (34 км) жолдарына қайта жаңғырту жасалады.

Сонымен қатар, Құрманғазы ауылындағы Бұзаусылан өзегінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі құрылысы жобаларына қаражат бөлініп қойды, – деді басқарма басшысы.

Кемшілік көп, оны түзету аз

Президент айтқан мəселе – салынып жатқан жолдың сапасына бақылау жоқтығы ақиқат. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметінің жауабына сүйенсек, жұмыс жасалып жатқанымен нəтиже аз екен.

– Биылғы І тоқсанда орталық мамандары облыс бойынша жолға 32 рет тексеру жасады. Оның 18-і қысқы күтімдегі автожолға жасалса, 14-і қайта жаңғыртудан өткен жолға жүргізілді. Бұдан бөлек 1 ведмостволық сараптама, 1 коммерциялық тексеру жасалды. Сараптама үшін 6 жол кесіндісі алынды. Тиісті тексеру нəтижесінде қысқы күтім жасау жұмыстарынан 13 кемшілік, қайта жаңарту жұмыстарынан 7 кемшілік анықталды. Ал, былтыр орталық мамандары облыс жолдарынан алған 488 сынаманың 113-інен ақау анықталды. Бұл кемшіліктер бойынша мемлекеттік сəулетқұрылыс басқармасына берілген 7 ұсыныстың бесеуі жауапсыз қалды. Ал, бір ұсыныс бойынша мердігер компанияға 1 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. «Сапалы жол» жобасы аясында да жол сапасы 16 рет тексеріліп, оның 12-сінен ақау табылды. Орталық ұсынысымен кейбір жол учаскелеріне қайтадан жөндеу жасалды, – деді орталық филиалының баспасөз хатшысы Лəззат Өтепова.

 О р т а л ы қ  ж а ң а  т е х н о л о г и я л а р д  ы е н г і з у бағытында да жұмыс жасап жатыр. Соның біреуі – «Ақтөбе-Атырау» тасжолында да əрбір 50 см сайын түрлі деңгейдегі 20-дан астам құрылғы қойылған. Сол арқылы жылдың жыл он екі ай бойы күн райының өзгерісіне жолдың төзімділігі, құрамдық өзгерісі, жолдың жұмыс атқаруы тексеріледі. Алынған сараптамалық сынамалардың нəтижесі екі-үш жылда шығады екен.

– Жолдың температурасы мен ылғалдылығын анықтайтын мұндай құрылғылар республика аумағында да қойыла бастады. Бұл жұмыстарды біз «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ-мен бірлесіп жасап жатырмыз. Алынған мəліметтер бақылау орталығына беріліп, зерттеулер ғалымдарға елдің əр аймағындағы климат пен жүктемені ескере отырып салу, қайта құру жəне жөндеу т е х н о л о г и я с ы н т ү з е т у г е мүмкіндік береді. Осы арқылы жол құрылысына жұмсалатын шығынды азайтатыны сөзсіз, – деді баспасөз хатшысы.

 Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз