АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ӨКІМІМЕН:

Шпанов Еркін Мәжитұлы Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

Шпанов Еркін Мәжитұлы 1963 жылы туған. Заңгер. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғарғы мектебін бітірген.

1981-1983 жылдары қарулы күштер қатарында азаматтық борышын өтеді.

1983-2010 жылдар аралығында Гурьев облыстық атқару комитеті Ішкі істер басқармасының Жайық өзені және Каспий теңізі акваторияларына қызмет көрсету бойынша Ішкі істер бөлімінің милиционері; Ішкі істер басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі; Балықшы аудандық ішкі істер бөлімінің қылмыстық істер бөлімшесінің бастығы; Балықшы аудандық ішкі істер бөлімінің криминалды полициясы бөлімшесінің бастығы; Аса қауіпті істерді, қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы, Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы; Көші-қон полициясы басқармасының бастығы; Атырау облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары; ҚР Ішкі істер министрлігі Криминалды полиция комитеті Қылмыстарды ашуды ұйымдастыру бойынша басқармасының бастығы.

2010-2012 жылдары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы болды. 2012 жылдың қаңтарынан бастап V шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 

* * * 

Атырау облысы әкімінің өкімімен: Жәнібеков Дияс Асқарұлы Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Жәнібеков Дияс Асқарұлы 1984 жылы дүниеге келген. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін заңгер, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін экономика және бизнес бакалавры мамандықтары бойынша бітірген. «Болашақ» Халықаралық стипендиялық бағдарламасының түлегі.  2008 жылы Италияның Рим қаласындағы «Ла Сапиенца» университетін тәмамдаған. Әлеуметтік ғылыми және гуманитарлық қатынастар жөніндегі магистрі.

Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы «Республикалық шағын кәсіпкерлік бойынша ақпараттық-көрме орталығы» жабық акционерлік қоғамының маманы болып бастаған. 2005-2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің басқармасында жетекші маман, бас маман, сарапшы болып қызмет етті. 2009 жылы «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы корпоративтік басқару департаментінің бас менеджері, «Design konzept Jordan Kazakhstan» ЖШС директорының орынбасары болды.

2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары, кейін басшысы болды. 2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Активтерді басқару департаменті директорының орынбасары, Атырау облысы әкімінің аппараты индустриялды-инновациялық даму бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2015 жылдың мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз