Жарнама
Жаңалықтар

Жоғалған адамдардың денесі табылды

Құтқарушылар Атырау облысы Жылыой, Махамбет аудандарында жоғалған адамдардың денесін тапты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің хабарлауынша, 29 мамыр сағат 15:55-те жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жылыой ауданында жоғалған 1991 жылы туған адамның денесін «Қамыскөл» көлінен шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Айта кету керек, бұған дейін жоғалған адамның 23 мамырда сағат 19:30 шамасында үйінен шығып, Жем өзеніне жеке қайығымен балық аулауға кетіп, кері оралмағанын хабарлаған едік. Құтқарушылар шақырту түскен уақыттан бастап бүгінгі күнге дейін 6 күн бойы үздіксіз іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар құтқарушылар бүгін, 29 мамыр сағат 16:15-те Махамбет ауданы Ақжайық селосынан 5 км қашықтықта жайылмаға тараған өр суынан 1998 жылғы ер адамның денесін шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Айта кетейік, ер адам «Манаш» шаруа қожалығы бағытында мал жаюға шығып, кері оралмаған болатын. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 24 адам, 6 техника, 4 моторлы қайық жұмылдырылды.

-Қазір Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзен суы өз арнасынан асып, жайылмаға тараған болатын. Осыған байланысты төтеншеліктер облыс тұрғындары мен қонақтарын су тасқыны кезінде қауіпсізідік шараларын сақтауға шақырады. Қазір өзенде су деңгейінің көтерілуі және тасуы салдарынан ағыспен келген қоқыс, ағаш қалдықтары және басқа заттар қауіпті болып саналады. Сондықтан өзеннің қауіпті екендігін ескертеміз, — дейді сала мамандары.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button