Жарнама
Жаңалықтар

QUIZ — де – іскер әйелдер

Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығы мен облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен көшбасшы әйелдер «Isker Aiel — QUIZ» интеллектуалдық ойынында бас қосып, әдемі ойын өрнегін көрсетті.  

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, «Isker Aiel — QUIZ» интеллектуалдық ойынының мақсаты – әйелдер көшбасшылығын дамыту, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі әйелдердің белсенділігін арттыру.

«Білекті – бірді, білімді мыңды» жығады емес пе, жұртшылықты еліктірген ойынға түрлі саладағы нәзік жандылардан құралған Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның «Ханымдар», облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Арулар», AMANAT партиясы Атырау облыстық филиалының «Amanat», Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің «CRASH», үкіметтік емес ұйым басшыларынан құралған «ОооПааНа», Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығынан «GCenter», Атырау облысы Әйелдер күштері Альянсының «Көшбасшы әйелдер» командасы мен Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығыныңқыздарынан құралған «Іскер әйелдер», «Болашақ», «Қазақ қыздары», «Жас қанаттар» командалары қатысып,  3 сағат уақыттың ішінде білімдерін, қиялдарының жүйріктігін, ой-өрістерінің кеңдігін көрсетуге тырысты.

 – «Quiz» ойыны ең қарапайым сұрақтардан бастап, логикалық тапқырлықты қажет ететін күрделі сұрақтарға дейін жетті. Интеллектуалдық орта жан-жақты ақпараттарды қорытуға, өзіңді дәлелдеуге, өзіңнің қабілет-қарымыңды байқап қарауға арналған орта десек те болады. Сондықтан қазір атыраулықтардың «Quiz» ойынына деген қызығушылықтары жоғары,- дейді  Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Фатима Төлеева.

щщzщshz

Сайыс болған соң, жеңетіндер де, жеңілетіндер де болады. Бағы мен бабы келіскен  Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның «Ханымдар» командасы І орынды жеңіп алды. Ал, жүлделі  ІІ және ІІІ байрақтарды облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Арулары» мен Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығының«Жас қанаттар» командасы өзара бөліп алды. 

– Жасқа да, жасамысқа да, мұғалімге де, кәсіпкерге де мұндай зияткерлік сайыстар ауадай қажет. Шектеулі уақытта шектеліп қалмай, жедел жауап беруге, сауатты шешім қабылдауға үйретеді.   Осыдан кейін, әрине, миың сергіп, көңіл көкиегің кеңейеді. Мұндай интеллектульды ойындар тек жастар арасында, барлық санаттағы жандар ортасында да ұйымдастырыла бергені дұрыс деп ойлаймын, деді Атырау облысы әкімі аппараты жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспектор — комиссия хатшысы Зәмзәгүл Жалмурзина. 

Айтпақшы, Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен көшбасшы әйелдер арасында алғаш рет өткізілген «Isker Aiel — QUIZ» интеллектуалдық ойыны алдағы уақытта да жалғасын табады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button