Атырау облысындағы барлық аудандық әкімдіктер халықпен байланыс орнату үшін Telegram әлеуметтік желісінен чат-канал ашты

0 8 Жаңалықтар

Atr.kz/11 наурыз, 2019 жыл.   Бұл туралы бүгін, 11 наурызда, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясындағы семинарда сөйлеген сөзінде айтты.

Академияда әкімдердің трансформациялық ойлауының жаңа дағдысын қалыптастыру жөнінде бес күндік  семинар басталды, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG 20190311 WA0051

Мемлекеттік басқару академиясы Атырау филиалы басшысының міндетін атқарушы Жаннат Нұртілеуованың айтуынша, Атырау қаласы мен аудандарының әкімдері 40 академиялық сағат бойы лекциялар мен стратегиялық сессияларды тыңдап, интерактивті сабақтарға қатысады. Түрлі деңгейдегі әкімдердің алдында сөз сөйлеген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев тұрғындармен өзара байланыстың тиімді технологиясын білудің және білім деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

-Жергілікті атқарушы органдардың алдында мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша жауапты міндеттер тұр. Барлық жұмыстар жоғары деңгейде жүргізілуі тиіс,-деді Нұрлан Ноғаев.

–Бүгінде мемлекеттік қызметші білікті болып қана қоймай, халықтың сеніміне ие болуы тиіс. Көп ақпарат әлеуметтік желілер арқылы таралады. Бұл бағытта жұмыстанып жатырмыз. Telegram желісінде чат-канал ашылды, мобильді қосымша қаладағы проблемаларды шешуге ықпалын тигізуде, мемлекеттік органдардың басшылары әкімдіктің ресми парақшасы арқылы әлеуметтік желіде тікелей байланысқа шығады. Telegram-да барлық аудан әкімдіктері чат-канал ашты, тұрғындардың өздерін мазалаған мәселелерге жауап алуларына болады. Бұл адамдардың шағымдарына, өтініштеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалана отырып, билік пен халық арасындағы байланысты жедел, тиімді ету бағытында жұмыстар жүруде.

Мемлекеттің қазіргі даму кезеңінде жергілікті қоғамдастықпен өзара байланыста болу, халықты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге жұмылдыру басым бағытқа ие. Мемлекеттік қызметші жай ғана орындаушы емес, ол стратегиялық ойлай білуі, бюджеттендіруді, жобалық менеджментті білуі, сараптама жасауды, қауіп-қатерді көре алуы керек.

-Сіздің басқару дағдыңыз бар, сондықтан да осы лауазымға тағайындалдыңыз, -деді әкімдерге Нұрлан Ноғаев.

–Бірақ біздің алдымызда үлкен біліктілікті күтетін міндеттер тұр. Бүгінгі басқару талабы ертең жеткіліксіз болуы мүмкін, сондықтан осы семинардың маңызы да, пайдасы да зор.

IMG 20190311 WA0050
IMG 20190311 WA0049


Жылыой ауданы – t.me/zhylyoi_akimat
Индер ауданы – t.me/akimatinder
Махамбет ауданы – t.me/mahambet_akimat_official
Исатай ауданы – t.me/akimat_isatay
Мақат ауданы – t.me/akimat_maqat
Қызылқоға ауданы  – t.me/qyzylqoga_akimat
Құрманғазы ауданы  –      t.me/akimatkurmangazy

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз