Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне басшы болды

Атырау облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымына Бердібек Таишев тағайындалды.

Бердібек Таишевтің екі жоғары білімі бар. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы Атырау облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының инспекторы болып бастаған. Кейін жұмысын Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде құқықтық, кадрмен жұмыс, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бас маманы ретінде жалғастырған.

Атырау қалалық білім бөлімінің бала құқығын қорғау жөніндегі бас маманы, А.Чехов атындағы №14 негізгі мектебі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болған. Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің жетекші маманы, бас маманы, Атырау қалалық білім бөлімінде әдістемелік кабинеттің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінде білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің, білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы лазаузымын атқарған. Ал, 2020 жылдан осы тағайындауға дейін Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button