Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Жерлесіміз әлем рекордын жаңартты!

Мәскеуде пауэрлифтингтен, күштік қоссайыстан, шалқалап жатып штанга көтеру және станокта тартылудан «WRPF» нұсқасы бойынша әлем чемпионаты өтті. Онда атыраулық атлеттер жоғары дайындық деңгейімен көзге түсті.

пауэрлифтинг

Атап айтар болсақ, «Дәкемен пауэрлифтинг» санаты бойынша 14-16 жастағы ер жасөспірімдер арасынан атыраулық Кирилл Литвинов алға суырылып шықты. Ол отырып 160 келі, шалқалап жатып 90 келі, станокта тартылып 220 келілік штанганы оп-оңай көтеріп, бұрынғы әлем рекордтарын жаңартты.

Сондай-ақ, ел қоржынындағы тағы үш «алтынды» 125 келі салмақта Эдуард Кабдешев, 100 келіде Александр Литвинов және 90 келі салмақта Алексей Ишин олжалады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button