Атырауда 9 және 16 қыркүйек күндері тегін емделуге болады

1501740271 3sanepid1 Жаңалықтар

Облыстық жұқпалы аурулар ауруxанасында ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде «Ашық есік күні» өтеді. Онда терапевт, кардиолог, инфекционист, xирург, лор, уролог, гинеколог,гастроэнтеролог, маммолог, невролог, гепатолог, эндокринолог қызмет көрсетеді. Ол үшін қаралуға келген тұрғынның жеке төлқұжаты болса жеткілікті. Сондай-ақ, тексеріс барысында зертxаналық қызмет, рентгенография, УЗИ, ФГДС, аудиометрия бойынша 20 пайыз жеңілдік қарастырылады.

1501740271_3sanepid1

Облыстық аурухана қызметкерлері де емдеу орнының 50 жылдық мерейтойы қарсаңында биылғы жылдың 16 қыркүйек күні «Ашық есік күнін» өткізеді. Яғни, тегін ем жүргізеді. Мамандардың кеңес беруі таңертеңгі сағат 09.00 мен 13.00 аралығына жоспарланған. Атап айтқанда, тұрғындар травматолог, лор, хирург, уролог, кардиолог, окулист, терапевт, нейрохирург, гинеколог, невропатолог мамандарынан консультативтік кеңес алады. Тегін кеңес алу үшін 8 (7122) 28-10-01 нөміріне хабарласып алдын ала тіркеліп қоюға болады.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз