Атыраулық кәсіпкер 3 тонна лимон өнімін жинап алды

989f95548272d01566bb8b40256f96fd Жаңалықтар

Atr.kz/6 қаңтар, 2020 жыл. Тропикалық  жеміс  түрі  саналатын  лимонды  өсіруді  ісімен  дәлелдеген  махамбеттік  кәсіпкер Владимир Розметов алғашқы өнімін жинады.

– С а р а й ш ы қ  а у ы л д ы қ округінде жалпы ауданы 1 гектарды құрайтын аумаққа 20 шақты шағын жылыжай салдық. Көршілес Өзбекстан елінен лимонның «Мир» деп аталатын сортының 2 000 түп көшетін әкеліп, осында отырғыздық. Қажетті агротехникалық шараларды жүйелі жүргізіп, екі жылда лимон бағы пайда болды. Ал, биыл 3 тонна өнім алып отырмыз. Алдағы жылы оның көлемін 20 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарда бар, – дейді «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының жетекшісі Владимир Федорович.

Мұнда тұрақты еңбек ететін адамдар санаулы ғана. Өйткені, ж ы л ы ж а й д а ғ ы ж ұ м ы с т а р негізінен тамшылатып суару тәсілімен атқарылады. Мамандардың айтуынша, лимон өсіру әнебір қиын да шаруа емес көрінеді. Қыстың күні лимонарийдің ішіндегі ауаның температурасы 2 градус жылылықтан төмен болмауы тиіс. Жаз мезгілінде 60 градус ыстыққа шыдайды. Тағы бір артықшылығы сол, шетелден әкелінетін өнімдерге қарағанда, өзімізде өсірілетін лимонның бағасы әлдеқайда арзан. Алыстан тасымалданбайтын болғандықтан, көлік шығыны да көп емес екен. Әрі, лимонға деген сұраныс та жоғары. Бірнеше жылдан баубақша мен жеміс-жидек өсіруге маманданған шаруашылықта ауданы 160 гектарды құрайтын алма бағы бар, сонымен бірге, жүзім де өсіріледі.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз