«Бізде Атырау экологиясын жақсартуға арналған нақты жоспар бар»

whatsapp image 2019 11 04 at 11.49.18 Жаңалықтар

Atr.kz/4 қараша, 2019 жыл. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жергілікті атқарушы биліктің аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту бағытында қандай шараларды қолға алып жатқанын айтты.

Қазір Атыраудың оң жақ жағалауында кәріз суын тазарту кешені құрылысының ЖСҚ дайындалуда. Сол жақ жағалаудағы кәріз суын тазарту ғимаратының құрылысы 2020 жылы аяқталады.
Айта кету керек, қазіргі қолданыстағы кәріз суын тазарту нысаны 1978 жылы пайдалануға берілген, содан бері  бірде-бір рет күрделі жөндеуден өтпеген.

Жаңа кешен іске қосылғаннан кейін пайдаланылған суды уақтылы тазарту мүмкін болады, бұл алдымен экология үшін маңызды. Лас су топыраққа, жер асты суына, тұтастай экожүйеге зиянды.
Тазарту қондырғылары жұмыс процесін жылдамдатады, тазартылған ақпасуды шаруашылық қажеттіліктерге қайтадан пайдалануға болады.

– Бізде Атыраудың экологиясын жақсартуға арналған нақты жоспар бар. Алдыңғы кезекте – бұған дейін Атырауда болмаған кәріз суын тазарту кешенін іске қосу. Біз бір кешенді салдық, жақын уақытта екіншісін салып бастаймыз, – деді Нұрлан Ноғаев.

Қазір қолданыстағы қалалық әкімдіктің теңгеріміндегі «Сасықсай» булану алаңының  476 га қалпына келтіру үшін ЖСҚ жасалуда (құны – 193,2 млн теңге). Осы тұндырғының  860 га қалпына келтіру мақсатында Атырау мұнай өңдеу зауыты «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен бірлесіп «TAZALYQ» жобасын қолға  алды, жобалау жұмысы 2020 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады деген жоспар бар.

Зауыттың қабылдаған меморандумына сәйкес булану алаңын қалпына келтіру  2020 жылға жоспарланған. Бұл зауыттың экологияға әсерін біраз төмендетеді. Қалалық әкімдік те «Қара квадрат» булану алаңын қалпына келтіру бойынша жоба дайындауда, қаланың оң жақ жағалауындағы нысан жобасының құны – 75,5 млн теңге. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін бітеді.

– Кәріз сулары булану алаңына ешқандай тазартудан өтпестен құйылып келді, экологияға өлшеусіз залал келтірді. Жаңа кешен іске қосылғаннан кейін қазіргі қолданыстағы «Сасықсай» жабылады, бұл алаң бірнеше жылдардан бері тұрғындар тарапынан шағым туғызып келген еді. Кәріз суын тазарту кешені пайдалануға берілгеннен кейін ақпасу ағыны булану алаңына келгенше тазартудың толық сатысынан өтеді. Сол арқылы жерасты суы, топырақ, атмосфералық ауа да тазарады, – деп атап өтті  Нұрлан Ноғаев.

whatsapp image 2019 11 04 at 11.48.52 1

Ағынды сулар құрамындағы ластағыш заттарға байланысты екі топқа бөлінеді: консервативті және консервативті емес. Консервативті ластағыштардың химиялық реакцияларға түсуі қиын. Кейде биологиялық ыдырау жүрмейді де, оларға ауыр металлдардың тұздары, фенолдар, пестицидтер жатады. Ал, консервативті емес ластағыштарға тәулік ішінде өзгеріске ұшырайтын қосылыстар жатады.

Ағын су құрамында сонымен қатар, органикалық емес нысандар, құм, шірінді бөлшектер, кен, бейорганикалық тұздар, қышқылдар мен сілтілер болады. Ағынды суларды бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустар, құрттардың жұмыртқалары және патогенді микроорганизмдер ластайды. Осылар көп мөлшерде жинақталып, қоршаған ортаға ғана емес, тұрғындарға да қауіп тудырады.

whatsapp image 2019 11 04 at 11.48.52

Бүгінге дейін осы процестер бақылаусыз келді, бұл жағдайды экологиялық апат деп те айтуға болады. Атыраудағы тазарту ғимараттарына 65 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеді. Биотазарту жүйесі жарамсыз болып қалды. Дұрыс жөндеу жұмысы жасалмады.

Қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту  – жергілікті атқарушы органдардың міндеті. Осыған байланысты зиянды заттардың атмосфераға түсуіне мониторинг жүргізу назарға алынып отыр. Жергілікті бюджеттен мониторинг жүргізуге өлшеу құралдарын, автозертхана алуға 172 млн теңге бөлінді.

Бүгінде облыс аумағында ауа райына бақылау жүргізетін  45 станса жұмыс істейді, оның 17-сі облыс аудандарында орналасқан. Атырау қаласында  28 станса бар, оның 20-сы НКОК компаниясына, 4-АМӨЗ, 7- «Казгидромед» РММ Атырау филиалына тиесілі.

Қазір Атырау облыстық әкімдігі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында алматылық «Экосервис-С» компаниясымен бірлесіп ауа сапасына онлайн мониторинг жүргізу жүйесін іске қосуды қарастырып жатыр. Жоба аясында облыс орталығындағы ауа ластануының нысаналы көрсеткішін орнату жоспарлануда. Мәліметтер геоақпараттық порталда және қала көшелеріндегі  LED экрандарда көрсетіліп тұрады.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз