Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Жерге орналастыру жобасын жасақтау үшін Ф-1 анықтамасы заңсыз сұратылған

Атырауда жерге орналастыру жобасын жасақтау үшін Ф-1 анықтамасы заңсыз сұратылған. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

ФОТО - ЖЕР

Қоғамның жоғары сеніміне ие және әлемдік деңгейдегі оң беделі бар заманауи прокуратураны көздейтін Өзгерістер бағдарламасына сәйкес қала прокуратурасымен тұрғындардың күнделікті өмірінде туындайтын мәселелерді анықтау жұмыстары жалғасуда.

Соның бірі — мемлекеттік мекемелермен көрсетілетін қызметтерді зерделеу барысында Атырау облыстық «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаментінің мамандары жерге орналастыру жобасын жасақтау үшін өңір тұрғындарынан Ф-1 анықтамасын заңсыз сұраттырған.

Бүгінде осы мәселе бойынша дереу шаралар қабылданып, заңсыз тәжірибе тоқтатылып отыр.

Айдос Қарабала

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button