ӨТКЕН КҮННЕН БІР БЕЛГІ

Коммунистер құрамы толықты. Кеше Қазақстан Коммунистік Халық партиясы облыстық филиалы Ұлы Қазан төңкерісінің  96 жылдығына орай В.И.Ленин ескерткіші жанына жиналып,  қатарына қабылданған бір топ жаңа мүшелеріне салтанатты жағдайда партия билеттерін табыстады.

 

Аталған басқосуда партия ардагері Жаукен Көшенов бүгінгі күннің маңызды мәселелеріне тоқталды. Өзге де коммунистер өз ойларын ортаға салды. Бұл жерде ардагерлермен қатар, мойындарына қызыл галстук байлаған жастар да төбе көрсетті.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев бір топ студент-жастарға партиялық билетті салтанатты түрде тапсырып, игі тілектер білдірді. Соғыс және еңбек ардагерлері ескерткішке  алқызыл қалампыр гүлдерін қойды. «Фронтовичка» тобы ескі әуендерді әуелетсе, жиналған қарттар өздерінің жас күндерін «бұрын былай болған еді…» деп сағынышпен еске алды.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз