Жаңалықтар
Желтоқсанда ескі көліктер қайта өңдеуге қабылданады
Республика Экология министрлігі ескі көліктерді қайта өңдеуге қабылдау процесі желтоқсан айының ортасында басталатынын хабарлады. Өтінімдер «Жасыл даму» АҚ порталы арқылы қабылданады. Көлік иелері өз көліктерін қабылдау пунктіне өз бетімен апара алады немесе тасымалдаушыға сата алады. Утилизация үшін жеңілдік сертификаты немесе ақшалай сыйақы ұсынылады.
Жеңіл көлік иелеріне 315 мың теңгеден басталатын жеңілдік сертификаты беріледі. Сонымен қатар, микроавтобус, автобус, жүк көліктері мен ауылшаруашылық техникаларын тапсырғаны үшін де арнайы төлемдер қарастырылған. Төлемдер сомасы 315 мың теңгеден 2 млн. теңгеге дейін жетеді. Толық ереже жуырда жарияланады.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА