Жаңалықтар

Костенко шахтасындағы жағдай: Министр апатты тексеру үшін шахтаға түсті

Костенко атындағы шахтада аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеуде, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік таратқан ақпаратта, 29.10.2023 жылы сағат 20-00-де  45 кеншінің денесі табылғандығы және тағы бір кеншіні іздеу жалғасуда екені айтылған.

Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесінде жүргізілуде.

Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда. 

“Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті.

Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды, онда:

— шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы;

-металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері;

— желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды.

Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. Сонымен қатар, Сырым Шәріпханов аварияны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді.

Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету ТЖ министрінің жеке бақылауында. Жұмыс жалғасуда”,- делінген ресми ақпаратта.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button