«КӨКЕЙКЕСТІ» МЕ, «КӨКЕЙТЕСТІ» МЕ?

Бұл күнде бұқаралық ақпарат құралдарында «көкейкесті», «көкейтесті» сөздерін орынды-орынсыз қолдану көбейіп бара жатқан сыңайлы. Бұл сөздердің негізгі байыбына барып, талдар болсақ, екеуі екі бөлек мағына береді.

 

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» атты кітапта көкейкесті – бүгінгі күн үшін өте маңызды, зәру, өзекті, халық шерін, арманын, білдіретін сезім делінген. Ал, республикалық «Жалын» журналының биылғы 4,6 сандарының алғашқы беттері үнемі «Көкейтесті» айдарымен ашылып жүр. Теледидар арқылы берілген хабарларда екі адамның сұхбатын «Көкейкесті» айдарымен беру де белең алуда. Айтылған әңгіме күнделікті тірліктен аспайтын болса да, осылай жариялап жүр.
Кезінде академик, тілші, ғалымдар Н.Сауранбаев, М.Балақаев, А.Ысқақовтар «Көкейіңді тессе жақсы болғаны, кессе жаман болғаны. Көкейкесті деп әсте жазуға бомайды» деп түсіндіріп, мысал келтіруші еді.
Қазақ тілі – дүние жүзіндегі бай тілдердің бірі. Атақты Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясында 16983 сөз қолданған екен. Сөз киелі, сондықтан абай болып, оны орынды қолдана білейік дегім келеді.

Төлеп ТІЛЕГЕНОВ, филолог.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз