Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Жеке куәлікті ауыстыру қажет пе?

Ішкі істер министрлігі мерзімі өткен құжатты уақытында ауыстыру керектігін ескертеді. Себебі, 2009 жылғы ескі үлгідегі жеке куәліктердің жарамдылық мерзімі келесі жылы аяқталады. Сондықтан құжатты жаңа үлгідегі чипі бар куәлікке ауыстыру қажет.

photo_138786

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда ақпаратты электронды тасымалдаушысы — чипі бар жеке тұлғаны куәландыратын биометриялық құжат 2009 жылдан бастап беріле бастады. Халықаралық стандарттарға сәйкес олардың қолданылу мерзімі 10 жыл екен.
– Құжатты республика аумағындағы кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығында (бұрынғы аумақтық қағидат бойынша) ресімдеуге болады. Сонымен қатар, ескі үлгідегі құжатты  орталыққа бармай-ақ жаңаға (әзірлеудің жаңа технологиясына сәйкес өзгертілді) айырбастауға  болады. Бұл үшін электронды үкімет порталы арқылы сұрау жіберу қажет. Пішіні 3,5х4,5 сантиметр цифрлі фотосурет пен сканерленген жеке қол – графикалық файл түрінде электронды сауалхатпен бірге жолданады, — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Аман ШАМАР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button