Димаштың бейнебаяны ТОП 25 қатарына кірді (+ВИДЕО)

200104235652570a3600668i Жаңалықтар

Atr.kz/5 қаңтар, 2020 жыл. Димаш Құдайбергеннің «Қалжыраған аққулардың сезімі» (Любовь уставших лебедей) әніне түсірілген бейнебаяны үздіктер қатарына кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Ресейдің МузТВ арнасы 2019 жылдың «100 үздік бейнебаян» жобасының қорытындысын жариялады. Бұл рейтингте Димаш Құдайбергеннің «Қалжыраған аққулардың сезімі» (Любовь уставших лебедей) әніне түсірілген бейнебаяны 24 орында тұр» – делінген әншінің «ВКонтактегі» фан-тобының парақшасында.

Еске салсақ, Димаштың жанкүйерлері көптен күткен «Қалжыраған аққулардың сезімі» (Любовь уставших лебедей) әніне түсірілген бейнебаян шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз . «Қалжыраған аққулардың сезімі» әнінің сөзін ресейлік ақын – Михаил Гуцериев, музыкасын Игорь Крутой жазды.

Димаш Құдайберген аталған клипін түсіру үшін Испанияға аттанған болатын. Арада көп өтпей, әнші аталмыш елдегі бейнебаянның түсірілімінен фотосуреттермен бөліскен еді. «Любовь уставших лебедей» әнінің бейнебаяны түсірілімінен алынған бірнеше фотосуретті сіздермен бөліскім келді. Клиптің режиссері – Алан Бадоев. Өздеріңіз түсінген шығарсыздар, видео фэнтези стилінде түсірілді. Сіздерді жақсы көремін!» – деп жазды Димаш.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз