Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Жеке кәсіпті қорғаудың жаңа мүмкіндіктері

Atr.kz/29 шілде, 2019 жыл. Кез келген мемлекеттің өркендеуі, жаңа идеялар мен инновацияларды іске асыруы бизнестің дамуына тәуелді екені белгілі. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан үкіметінің жан-жақты қолдауының арқасында нарықтық экономиканың берік институционалдық негіздері қалыптастырылды. Жеке бастамалар мен еркін кәсіпкерлік экономикалық дамудың және ел әл-ауқатының артуының негізгі факторларына айналды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өңірдегі инвестициялық ахуалды және проблемалық мәселелерді талқылап, кәсіпкерлер мен инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жұмыстарын атқарып келеді.

Бұған мысал ретінде күні кеше өткен Атырау қаласы әкімдігі жанынан инвестициялық және инновациялық жобаларды қарау жөніндегі кеңес отырысын айтуға болады. Жиын барысында департаменттің басқарма басшысы Жәнібек Қаражанов кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы толық сүйемелдеу болатындығын атап өтті. Жалпы, департаментпен облыс көлемінде кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқығын қорғау, әкімшілік кедергілерді жою және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын орнату мақсатында жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы айтты.

  Сондай-ақ, қазіргі таңда департаментпен жүзеге асырылған «Protecting business and investments» сыбайлас жемқорлыққа қарсы кәсіпкерлер мен инвесторларды сүйемелдеу жобасы аясында ашық келісімге қол қойған және қол қоюға ниет білдірген кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылып, аталған бағытта толықтай ақпарат берілді.

Нәтижесінде, қатысушылар тарапынан қызығушылық танытқан төрт кәсіпкермен  жалпы сомасы 53 млрд. астам теңгені құрайтын келісімдерге қол қойылды.

Осы жоба аясында департаментпен 171 млрд. 109 миллион 900 мың теңгенің 13 жобасы бойынша инвесторлармен келісім жасақталды.

Жобанын атқарылуы барысында 2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін кәсіпкерлер тарапынан мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне қатысты 17 өтініш түсіп, оның 15-і қанағаттандырылып, кәсіпкерлердің құқықтары толығымен қорғалды.

Мәселен, өткен жылдың қазанында «Теплый Дом Атырау» ЖШС-нен Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты жобалық кеңсеге өтініш түсті. Ал, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Атырау облыстық департаменті аталған істі Мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметіне Экономикалық тергеу қызметіндегі тергеушілердің іс-әрекеттерінің заңдылығын тексеру үшін жолдайды.

Нәтижесінде, Экономикалық Тергеу қызметінің «Теплый Дом Атырау» ЖШС-не жүргізген қылмыстық тергеу амалдары жұмыстарында заң бұзушылықтар анықталып, кемшілікке жол берген екі тергеушіге тәртіптік жаза қолданылды.

Осылайша, құзырлы органдармен жүргізілген қылмыстық іс тоқтатылып, кәсіпкердің құқығы толықтай қорғалды.

Бұдан басқа, аталған серіктестіктен ағымдағы жылдың ақпанында меншігіндегі жер учаскесін кеңейту кезінде лауазымды тұлғалар тарапынан себепсіз бас тарту фактісі жөнінде қайтадан өтініш келіп түскен болатын.

Аталған өтініш негізінде, департаментпен Атырау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында, жер комиссиясының қорытындысы негізінде жер учаскесіне құқық беруге немесе құқық беруден бас тартуға рұқсат берілетіні анықталды.

Алайда, Жер кодексінің талаптарына сәйкес жер комиссиясының шешімдерін шығару бойынша тиісті жұмыс жүргізбестен мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқан болатын.

Осыған байланысты, ҚР ӘҚБтК-нің 465-бабының 2-тармағына сәйкес, бөлімнің бұрынғы басшысы Е. Мұқанов әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, тексеру барысында анықталған құқық бұзушылықтарды жою мақсатында, департамент ағымдағы жылдың наурызында бөлім атына «Теплый дом» ЖШС меншігіндегі жер учаскесін кеңейтуге қатысты өтініші бойынша заң актілеріне сәйкес жер комиссияларының қарауына жіберу туралы ұсыныс жолдап, нәтижесінде кәсіпкер меншігіндегі жерді кеңейту мүмкіндігіне ие болды.

Атап өткен жөн, осы жоба аясында, кәсіпкерлердін өтініштерінің негізінде заң бұзушылықтарға жол берген үш мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға, бір мемлекеттік қызметші әкімшілік жазаға тартылды.

Бұл — кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында түйіні шешілмеген мәселенің бар екенін көрсетеді. Ал, «Protecting Business and Investments» жобасы кәсіпкерлерге қолайлы инвестициялық ахуал құруға, бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға ықпал етпек.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button