Кішкентай тілшілер «Атырау» газетінің редакциясын аралады

img 20200214 wa0167 Жаңалықтар

Atr.kz/18 ақпан, 2020 жыл. Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының журналистика мамандығының оқушылары өндірісті өңірдің бас басылымы «Атырау» газетінің редакциясында болып, тыныс-тіршілігімен танысты.

Болашақ тілшілерді «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмагамбетов қабылдап, оларға газеттің шығу тарихы, құрылымы, таралымы жайында кеңінен ақпарат берді. Баспасөздің қоғамда алатын орны, журналиске тән шеберлік тұрғысында тағылымдық-танымдық әңгімелер айтты. Редактордың бірінші орынбасары Жолдасбек Көшербайұлы редакция бөлімдерімен және ондағы қызметкерлермен таныстырды. Оқушылар газет редакциясының жұмыс барысына тікелей куә болды.   

Басылымның әр санының соңында еселі еңбек жатыр. Ол жарыққа шықпас бұрын талай сатыдан өтіп, оқырманға ұсынылады. Сөйтіп, өндірісті өңірдің әлеуметтік-экономикалық бағыттағы барлық жаңалығын қалың жұртшылыққа жеткізеді. Билік пен бұқараны байланыстырушы «Атыраудың» редакциясында болған  жас тілшілер зор әсер алды. Аталған білім ұясында Журналистика мамандығының 8 және 11-сынып оқушылары бар. Олар академияда оқи жүріп, газетке мақала жазу, газет бетін құру, бейнеролик пен сюжеттер дайындау, репортаждар мен журналистік зерттеу жүргізуге дағдыланады. Тіпті, сайтта жұмыс жасауды да меңгеріп шығады.

Арайлым НҰҒМАНОВА

img 20200214 wa0165
img 20200214 wa0166
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз