Жасыл желек – жанға сая
«Жасыл желек – жанға сая» демекші, «Зағиптар арманы» қоғамдық бірлестігі А т ы р а у д ы ң і р г е с і н д е г і Жаңаталап ауылынан қала әкімдігінің рұқсатымен 2 гектар жер телімін алды. Оның жартысы «Ұрпаққа аманат» саябағы, қалғаны этнопарк болмақ.
– Бұл, бір жағынан, сол жердің тұрғындары үшін тынығатын жайлы жер болса, екінші жағынан, мүмкіндігі шектеулі жандарға кəсіппен айналысатын орын болмақ. Қазір болашақ саябақ орны қоршалып, ішкі жұмыстары жүріп жатыр, — дейді аталған қоғамдық бірлестіктің белсенді мүшесі Майра Айдарова.
«Зағиптар арманының» алға қойған мақсат-міндеттері мен жұмыс жоспары атап айтарлықтай. Олар алдағы уақытта осы этнопаркте ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан ешкі шаруашылығын қолға алуды көздеп отыр. Сөйтіп, ықылым заманнан белгілі ешкі сүтінің қасиеті мен тағамдық құндылығының қадірін арттырмақ.
Лиза СЕЙТІМОВА