
Жас таланттар Дубайда өткен халықаралық байқаудан бас жүлдемен оралды
Бүгін Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен «Nurly Fest Dubai-2025» халықаралық байқауында топ жарған “KN өнер мектебінің” өнерпаздары елге оралды. Олар Қазақстанның атынан лайықты деңгейде өнер көрсетіп, жоғары орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды. Әуежайда оларды әуенмен, сыйлықтармен, қуанышпен қарсы алды.

Бұл үлкен жеңістің артында білікті ұстаз, домбырашылар ансамблінің меңгерушісі Азамат Теңдікұлының еңбегі тұр. Оның айтуынша, олардың оқу орны Құлсары қаласында ашылғанына көп бола қоймағанымен, қазірдің өзінде атағы аспандап үлгерген. Олардың ерекше стилі – қазақтың дәстүрлі дыбысының әлемдік музыка мәдениетінің элементтерімен үйлесуі байқаудағы қазылар алқасын бей-жай қалдырмады.

— Біздің оқушылар республиканың әр қалаларында жүлделі орындарға ие болып, Қазақстанда табысты өнер көрсетуде. Осы жетістіктердің арқасында халықаралық деңгейге шыға алдық. Өткен жылы Ташкент пен Стамбулда өнер көрсеттік, содан кейін Дубайға шақырту алдық», – дейді Азамат Теңдікұлы.
Nurly Fest Dubai 2025 фестиваліне әртүрлі елден 300-ге жуық бала қатысқан, бұл жергілікті өнерпаздар үшін елеулі сынақ болды. Дегенмен, бас жүлдені “KN домбырашылар ансамблі” алды. Байқауға ансамбльдік өнерден бөлек, мектептің жеке орындаушылары да қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өнерлі ұжым мұнымен тоқтап қалмақ емес. Мұндай ауқымды байқауда жеңіске жету – үлкен жетістік қана емес, баға жетпес тәжірибе. Олар жақында жаңа әлемдік жарыстарға дайындықты бастамақ.
Еркеназ ҚАЛИЖАН