Жасөспірімдер қолданып жүрген «одноразка» қызу талқыға түсті

whatsapp image 2021 09 27 at 11.52.12 Жаңалықтар

 «Одноразка»  – кәдімгі электронды темекі. Қазір оған қол жеткізу оңай болып тұр. Бағасы да қолжетімді. Тапсырыс берсең лезде жеткізушілер көп. Өйткені, тик-ток пен инстаграммда жарнамасы ұрып тұр.

«Бірінші көргенде – түсінбедім. Екінші көргенде – таңғалдым. Үшінші көргенде – қорқа бастадым. Бұл қазіргі оқушылар қолданып жүрген «одноразка» деген нәрсе. 6-7 оқитын оқушы қыздардың бұрқыратып тұрғанын осымен бірнеше рет көрдім.

«Одноразка» деген электронды темекінің жасөспірімдерге арналған түрі көрінеді. Астанада мұны табу оңай екен. Барлық аймақта сатылады. Тикток пен инстаграмда жарнамасы ұрып тұр. Ақшасын төлесең болды, тегін жеткізіп береді. Оқушылар оп-оңай қолданып жүр.

Удың жақсысы болмайды. Бүгін осыған үйренген бала ертең бұдан да сорақысына көшеді. Сондықтан мұның ұңғыл-шұңғылын әбден зерттеп, балаларға қолжетімді болуын тежеу керек…»,- деп жазды танымал журналист Серікбол Хасан фейсбук парақшасында.

Жазба қазір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бірі  мектеп аулсынан темекінің қалдықтарын көріп жүргенін жазса, екіншілері  «балаларымызды улап болды? Бұндай затқа тыйым салмай ма екен?» деп жазуда.

Сіз де балаңызды бақылап қойыңыз…

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз