Жас гимнастшылар атыраулық көрермендерді тәнті етті (+ФОТО)

74423643 2566542480232794 4381244959819300864 o Жаңалықтар

Atr.kz/18 қараша, 2019 жыл. «Атырау» спорт кешенінде көркем гимнастикадан облыстық «Каспий жұлдыздары» ашық чемпионаты өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 400-ден астам жас спортшы қыздар қатысып, өнер көрсетті.

Құрал-саймандарын түсіріп алған, құлап қалған сәттер, реніш пен қуаныштың көз жастары да болды – әсіресе, ең кішкентайлар арасында. Әрине, көпшілік алдына шығудың өзі оңай емес, дегенмен де, олар толқыныстарын жеңіп шығып, көрермендерге өте әдемі әрі әсерлі көрініс сыйлады.

Сайыстың ашылу салтанатына облыстық көркем гимнастика федерациясының президенті Алия Байжанқызы, басқарма бас маманы Айман Меңдіғалиева және «Атырау» спорт кешенінің басшысы Саят Тәжіғұлов қатысты.

75446569 2566542920232750 5010875843879108608 o
76915961 2566542986899410 8739799392665468928 o
75380249 2566542866899422 4827591073754775552 o
78161279 2566542786899430 5576724784261103616 o

Ашық чемпионаттың төрешісі ретінде ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Светлана Красникова арнайы шақырылған болатын. Білікті маман Атырау облысындағы осы спорт түрінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.

Айта кету керек биыл Атырау көркем гимнастикасы мектебіне 16 жыл толады. «Каспий жұлдыздары» турнирі де 16-шы мәрте ұйымдастырылып отыр. Сайыстар ертең де жалғасын табатын болады.

76607513 2566542340232808 2021719137193033728 o
75655212 2566542690232773 4840770773608038400 o
75388260 2566542290232813 4198298555808481280 o
74914143 2566542600232782 8136083155858751488 o
75371732 2566542406899468 2175574035490930688 o

Дереккөз: «Atyrau Sport»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз