19 сәуір қандай күн екенін білесіз бе?

19 sauir Қоғам

Бұл күні әлемде көктем мерекесі «Бәйшешек» күні аталып өтеді екен.

Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, аталған мерекенің тарихы Англияда 1984 жылы басталған. Климаттық зонаға байланысты әлемнің әр түкпірінде бәйшешектер қаңтардан бастап сәуір айына дейін гүлдейді.

Бір қызығы, бәйшешекке әр тілде әдемі атау берілген. Мәселен, ағылшын тілді елдерде – «қар тамшысы», Чехияда – «қар қиыршығы», Германияда «қар қоңырауы» деп аталады.  Ал Ұлыбританияда бәйшешектер сәуірдің ортасында гүлдейді, сол себепті бұл мемлекетте мереке дәл бүгін тойланады.

Ал осы күні әлемде болған тарихи оқиғаларға тоқталсақ,  1850 жылы Англия мен АҚШ Панама арнасын бірігіп салу туралы келісімге қол қойды. 1897 жылы алғаш рет Бостон марафоны өткізілді. 1903 жылы еврейлерді қырып-жойған «Кишинев қырғыны» басталды. 1919 жылы Лесли Лерой Ирвин алғаш рет аэропланнан секіріп, парашютпен жерге қонды.

Ал 19 сәуірде Қазақстанда қандай тарихи оқиғалар болды? Бұл күні 1735 жылы Орынбор қаласының негізі қаланды. Ол 1920-1925 жылдары Қазақстанның астанасы болды. 1960 жылы Бұқтырма су қоймасына су толтырыла басталды. Ал 2005 жылы Өскеменде алғашқы қазақстандық экологиялық музей жұмысын бастаса, 2014 жылы осы қалада қазақтың көсемсөз зергері Мұхтар Әуезовтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды.

Коллажды жасаған Сая РАМАЗАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз