Атырауда есірткіні аса ірі мөлшерде жасырын тығумен айналысқан күдікті ұсталды

ngnnn Жаңалықтар

Атырауда қала аумағындағы тұрғын үйдің бірінен синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде жасырып тығу әдісі арқылы таратумен айналысады деген күдікпен 1993 жылғы қала тұрғыны анықталды.

«Тергеу барысында күдіктіден ақ түсті ұнтақ заты бар 3 дана пакет, түрлі түсті орама зергерлік электронды таразылар, ұнтақ заты бар 2 дана ыдыс, ақ түсті ұнтақ заты бар зип-пакеттер, сондай-ақ бос 50 дана зип-пакеттер және күдіктіге тиесілі жабыстырғыш пен «Telegram» мессенджеріне «закладка» туралы жазылған хаттары бар ұялы телефон тәркіленіп, қылмыстық іс тіркелді. Сараптама қорытындысымен алынған заттардың салмағы 173,9 гр кұрайтыны анықталды», – деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге акпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз