Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

«Жарқыра» жобасы мыңға жуық тұрғынды жарылқамақ (+ФОТО)

«Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен Орта Азияның Еуразия қорымен жүзеге асырылып жатқан  «Жарқыра» жобасының мақсаты – жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларына тұрақты бизнес-шешімдер ұсынуға бағытталған инновациялық әлеуметтік бастамаларға атсалысу.

DSC_1076

«Жалпы, Қазақстандағы қорымыз 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту идеясы 2015 жылы келді. Бұл уақытта біз «Теңізшевройл» компаниясының әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына қатыстық. Әлеуметтік-кәсіпкерлік жобалардың ерекшелігі – оларды бір рет қаржыландырған соң,  өзін-өзі ақтай алатын негізде жұмыс істей алады. Идеямыз қолдау тапты. Үш жыл ішінде 540 өтінім келіп түсті. Жыл сайын тізімде 25 жоба жартылай финалға өтеді. Соның бес-алтауы  кепілді қаржыландыру алады» дейді Орта Азияның Еуразия қорының әлеуметтік кәсіпкерлік бағдарламалар директоры Айгүл Тағатова.

DSC_1082

Өткен жылдың жеңімпаздары қатарында – сегіз жоба бар. Олар – босануға дайындау орталығы, ішкі аймақтық туризм бойынша жоба, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған екі спорт орталығы, Құлсары қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналаған балабақша және балаларға арналған білім беру орталығы. Бұларды қаржыландыру құны 13,3 млн. теңгені құрады. Жобалар Атырау облысының 1000-ға жуық тұрғынын қамтиды деп күтілуде.

DSC_1093

Бұдан бөлек, өңірде әлеуметтік бастамаларды қолға алған азаматтар мен ұйымдар ішінде Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы да бар. «Бізге бизнес-қоғамдастық тарапынан көрсетілген қолдау өте маңызды. Облыстық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қорының өңірлік филиалы бізге тұрақты түрде ақпараттық қолдау көрсетіп келеді. Осыған дейін біз Жылыой облысы мен Атырау қаласы бойынша жұмыс істеген болсақ, қазір барлық аудандардың өтінімдерін қарастырып жатырмыз. Сонымен қатар, 2018 жылы пилоттық режимде Маңғыстау облысында жұмыс істедік. Келешекке жоспарымыз көп, — дейді Айгүл Тағатова. Қаржылық көмектен бөлек, бағдарлама жеңімпаздары мамандықтары бойынша елде және шетелде  тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.

DSC_1108

Аман ШАМАР

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button