«Бірлік пен тірлік үшін дауыс береміз!»

img 20201223 wa0031 Жаңалықтар

      Қаладағы «Достық үйінде» «Nur Otan» партиясынан Атырау облыстық мәслихатына ұсынылып отырған кандидаттар – Нәсіп Шалабаева мен Нұрлыбек Алтынбеков сайлаушылармен кездесті. Алдымен үміткерлер партияның бағдарламасымен таныстырып, елдегі шешімін күтер мәселелерге тоқталды. 

      Әрине, қазір жергілікті тұрғындарды толғандырып жүрген экология, ана мен бала саулығы, спорт алаңдары, коронавирустан сақтану, бизнесті дамыту және басқа да тақырыптар күн тәртібінен түспек емес. Үміткерлермен кездесу барысында да нақ осы жайттар сайлаушылар көтерген бірден-бір сауал болды. Өз кезектерінде сөз алып, сұрақтарын қойған Софья Дәрібаева, Фарида Ахметқалиева, Ақмарал Батырова, Айнұр Халимовалар тиісті жауаптарын алды.

      Кездесу соңында кандидаттар елдің бірлігі мен тыныштығы, халықтың болашағы мен тірлігі үшін іргелі ұйым – «Nur Otan» партиясына бірауыздан дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

img 20201223 wa0030
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз