Жаңашылдық – заман талабы

e1516623507403 Жаңалықтар

Atr.kz/25 шілде, 2019 жыл. Мемлекеттік қызметшілерге артылатын сенім жүгі ауыр. Елбасы саясатын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Атырау облысы бойынша филиалының үлесі зор.

Академия миссиясы – тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тиімді басқару шешімдерін қабылдай алатын, кәсіби және жеке құзыреттілігі дамыған, жаһандық ойлауға қабілетті мемлекеттік қызметшілерді даярлау.

Жуырда Академия филиалында  әр саладағы 50 мемлекеттік қызметші дәріс алды. Академия филиалының директоры Жанат Нұртілеуова барлық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша білім бағдарламаларын жүзеге асыру филиалдың басты мақсаты екенін атап өтті. Академия филиалының профессорлық-оқытушылық құрамы мемлекеттік қызметшілерге әр түрлі бағытта үштілді лекциялар оқып, тренингтер ұйымдастырды.

Курс барысында «Ашық есік күні» өткізіліп, мемлекеттік қызметшілерге Мемлекеттік басқару академиясына магистратура және докторантураға түсудің маңызына назар аударылды. Бұл орайда мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі аясында жоғары лауазымға ие болуға мүмкіндік беретін кәсіби және жеке құзыреттілігінің ерекшелігі айшықталды. Нәтижесінде курстағы 10 мемлекеттік қызметші академияның магистратурасына оқуға түсуге өтініш білдірді. Демек, мұны мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіріп, үштілді мемлекеттік саясатты одан әрі дамытуға қосқан ұмтылысы деген жөн.

ropp

Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-министрі Айгүл Көшербаевамен кездесу ерекше әсер қалдырды. Ал, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық» тақырыбында лекция оқып, курс тыңдаушылары  мемлекеттік қызметке қатысты көкейтесті сұрақтарына жауап алды.

Курстың түйіні мемлекеттік қызметшілердің облыстың экономикалық дамуы жөнінде жазған ғылыми жобаларын қорғауымен қорытындыланды. Жалпы, біз оқу барысында салауатты өмір салтын ұстану, үштілді білу, цифрлық технологияны меңгеру, модернизацияларға бет бұру, еңбек өнімділігін ұлғайту, өзін-өзі қалыптастыру және дамыту сынды жаңашылдықты тиімді пайдалану заман талабы екенін түсіндік.

Гүлфайруз ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

Махамбет ауданы әкімінің бас инспекторы,

курс тыңдаушысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз