whatsapp image 2021 09 08 at 21.51.08

Атырауда «Халықтану» мәдени-ағартушылық жобасы жүзеге асуда

Жаңалықтар
9 / 100

Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-сі ұйымдастырған жоба ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады – деп, хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Халықтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында облыстағы әр этномәдени бірлестіктер жеребе арқылы қазақ халқының мәдени мұрасына арналған арнайы іс-шараларды ұйымдастырады. Мақсат, этномәдени бірлестік өкілдеріне қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтарын насихаттау, Қазақстанның этникалық алуан түрлілігін сақтау мен дамыту, ұлтаралық татулықты сақтау, өңірімізде мәдени-ағартушылық және танымдық шараларды өткізу.

Аталған жобаның кезекті іс-шарасы «Қазақстан халқының ұлы ақын және жазушыларының қызметтерімен таныстыруға арналған шығармашылық кеш» деп аталды. Танымдық кешті Ұйғырлар қоғамы Атырау облыстық филиалы ұйымдастырды. Іс-шарада, белгілі қазақ ақын-жазушыларымен қатар, ұйғыр ақын-жазушыларының еңбектерінен арнайы көрме ұсынылып, олардың шығармалары оқылды.

  • Бүгінгі шара мен үшін қызықты болды. Ұйғыр мен қазақ халқының арасында ұқсастықтар бар екені байқалды. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ поэзиясын емін-еркін оқығаны көңіліме қуаныш сыйлады және қызығушылығымды оятты – деді, шараға қатысқан 2 курс студенті Перизат Темірова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған