Атырау қаласында орталық көпір қайта жаңғыртылып, Балықшы көпірі жөнделеді

snimok 4 Жаңалықтар

«Бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Орталық көпірді қайта жаңғырту үшін жобалық сметалық құжаттамасы жасақталуда. Жобаның жалпы құны 190 млн. теңге. Және биыл  Балықшы көпірін ағымдағы жөңдеуден өткізу жоспарымызда бар» деп атап өтті спикер Қайрат Оразбаев.

Атап өту керек, онлайн форматта өтіп жатқан брифингке Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысуда. Брифинг «Атырау», «Каспиан ньюс» каналдары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде таратылып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз