Жаңалықтар
Жаңа үлгідегі 2000 теңгелік банкноталар айналымға шықты
Ұлттық банк 2024 жылғы үлгідегі жаңа дизайнмен номиналы 2 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кетейік, бұл «Сақ стилі» жаңа сериясы аясында шыққан үшінші банкнота. Ол қазақы ою-өрнектің бастау негізі саналатын және көшпелілердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.
Жаңа банкноталар 2025 жылдың екінші тоқсанында қолданысқа беріле бастайды.