Қазақстан дәрігерлерді оқыту үшін үстемақымен 80 млн қарыз алды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасын қаржыландыру үшін Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен 80 млн доллар қарыз алады. Кеше мәжіліс тиісті заң жобасын ратификациялады деп хабарлайды Астана арнасы.
Бас дәрігер Елжан Біртановтің айтуынша, қаражаттың алпыс пайызы дәрігерлерді оқытуға жұмсалады.
«Қарыз доллармен беріледі, пайызы — 2,03 пайыз. 5 жыл ішінде төлемейміз. Сосын төлеуді бастаймыз. 15 жылдың ішінде 80 млн-ға қосымша 11 млн доллар қосып төлейміз», — дейді Денсаулық сақтау министрі.
Несие қазына қаражатынан қайтарылады. Келісімшарт доллармен жасалған. Ауыспалы спред, яғни валюта бағамы өзгерсе, қайтарым да өседі. Тұрақты спред болса, пайыздық үстемақы да артады.
Дегенмен, қаржылық ахуал өзгеріп жатса, Қазақстан халықаралық банкке өтініш білдіріп, тұрақты үстемақы төлеуге келіссөз жүргізе алады.