Жарнама
Жаңалықтар

Жаңа Салық кодексі: Жоспарлы салықтық тексерулер алынып тасталмақ

Жаңа салық кодексі 2025 жылдың шілдесіне дейін қабылданбақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, — деп хабарлайды kaz.inform.kz.

«Мемлекет басшысы фискалдық саясат бойынша, оның ішінде Салық кодексінің жобасы аясында бірқатар міндеттер қойды, оларды шешу қажет. Салық кодексінің жобасында берешек мөлшеріне қарай мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану ұсынылады. Сонымен қатар, жоспарлы салықтық тексерулер алынып тасталады. Шамамен 5,0 млн теңге мөлшерінде берешек болған кезде кейінге қалдыру/бөліп-бөліп төлеу көзделген. Салықтық жеңілдіктердің тиімділігін арттыру үшін жобада тиімсіз салықтық жеңілдіктердің бір бөлігі алынып тасталды. Барлық берілген жеңілдіктерді салықтық есептілікте көрсету көзделетін болады. Қайта бөлінудің жоғары деңгейіндегі өнімдері экспорттаушылар үшін корпоративтік табыс салығының 10 пайыз төмендетілген мөлшерлемесі көзделген. Бұдан басқа, автомобиль өткізу пункттері бойынша осы жылдың соңына дейін — 5, қалған 4 пункт келесі жылы пайдалануға беріледі», — деді министр.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының фискалдық саясат жөніндегі тапсырмаларын іске асыру үшін қосымша мынадай мәселелер пысықталатын болады:

— жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемесін белгілеу;

— банк секторы акционерлерінің дивидендтеріне әділ қосымша салық салу;

— салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру;

— кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайларды нашарлатпай салық режимдерін оңтайландыру;

— салықтық әкімшілендіруді толық цифрландыру, оның жазалау тәсілінен бас тарту;

— цифрлық теңгені пайдалана отырып, қосымша құн салығын әкімшілендіру тетігін енгізу.

«Жаңа Салық кодексін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізе отырып, 2025 жылғы шілдеге дейін қабылдау ұсынылады. Бұл белсенді бұқаралық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, заңға тәуелді актілерді әзірлеуге және Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін дайындауға мүмкіндік береді», — деді Нұрлан Байбазаров.

Сурет: qaz365.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button