Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

ЖАҢА САЙТТАН – ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ: Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина әзірленбек

Atr.kz/20 наурыз, 2020 жыл. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірленіп жатыр.

Бұл туралы жаңадан жұмысын бастаған Coronavirus2020.kz сайты хабарлады. Вакцина әзірлеумен Ұлттық биотехнология орталығы мен биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының мамандары айналысып жатыр. Ғалымдар бес кандидатттық вакцина ойлап таппақ. Олардың ішінен клиникалық сынақтарды өткізу үшін ең тиімдісі таңдалады.

«Әлемнің көптеген елі өз вакцинасын әзірлеу туралы жариялады, алайда бұл олардың барлығы клиникалық сынақтан өтуді талап етеді және бір жылдан кем уақытта аяқталмайды. Вакцина алынғанға дейін COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу маңызды. Бұл мемлекет қабылдаған шараларға ғана емес, әрбір адамға да байланысты. Сондықтан барлық алдын алу шараларын сақтау қажет», — делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанда барлығы 49 адам коронавирус жұқтырған. Алматыда — 22, Нұр-Сұлтанда — 25 және Қарағандыда екі адам емделіп жатыр. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-aurudy%d2%a3-aldyn-alu-ba%d2%93ytynda-m%d2%b1%d2%9btazhdar%d2%93a-tegin-%d2%9byzmet-pen-azy%d2%9b-t%d2%aflik-berilude/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button