«Доссор-Құлсары» жолында не болған?

220303071119566e Жаңалықтар

Атырау облысында жүк көлігі тіркемесінің 24 дөңгелегі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жүк көлігінің тіркемесі кеше, 2 наурызда «Доссор-Құлсары» жолында өртенген.

«Таңертеңгі сағат 7:24-те аталған бағыттағы жолдың 63-шақырымында «SCANIA R-500» маркалы жүк көлігінің тіркемесінен өрт шыққан. Тіркемеге тиелген кранның диаметрі 1 219 мм болатын 2 бекіткіші өртенді. Бұған қоса, тіркеменің 24 дөңгелегі жанып кетті. Өрт сағат 08:47-де оқшауланып, сағат 09:07-де сөндірілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

2203030712213763g

Тіркемедегі дөңгелектің күпшегінің қызуынан өрт шыққаны анықталды. Жалынды сөндіруге №12 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кен орнында болған өртте бір техника жанып кеткенін жазған болатынбыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз