ПИК ұйымдастырған наурыз-думан

img 20220322 wa0087 Жаңалықтар

Атырау қаласындағы Б.Құлманов көшесінде орналасқан №107 үй тұрғындары да Наурыз мейрамын ерекше ықыласпен атап өтті. Осындағы «Газовик» пәтер иелері кооперативі (ПИК-КСК) мұны жыл сайынғы дәстүрге айналдырған.

Шараға қатысқан қаладағы №11, 5, 2 мектеп оқушылары мен ұстаздары концерттік бағдарлама қойды. Ал, өз кезегінде ПИК қызметкерлері жиналғандарға наурыз-көже, бауырсақ, «плов» және басқа да тағамдарды ұсынды.

Айта кетейік, аталған үйде 140 пәтер бар. Онда түрлі ұлт өкілдері көп жылдан бері тату-тәтті тұрып келеді. Мерекелік кештен ұмытылмастай әсер алған тұрғындар осындай игі істі ұтқыр ұйымдастыра білген ПИК төрағасы Александар Карташовқа зор алғыстарын білдірді.

img 20220322 wa0088
img 20220322 wa0089
img 20220322 wa0090

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз