Жаңалықтар

«Atyrau Jastar Fest» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Халықаралық жастар күні аясында «Atyrau Jastar Fest» фестивалі ұйымдастырылды. Сұлтан Бейбарыс алаңына жиналған жастар «HIP-HOP», «ALL Dance», «K-pop cover show» жанрындағы би сайыстарына қатысып, шахмат, ләңгі, үстел теннисі, асық ату бойынша бақтарын сынап, демалыс күндерін есте қаларлықтай өткізді. Ал, қолөнершілердің жәрмеңкесінде он саусағынан өнер тамған шеберлердің туындыларына сұраныс жоғары болды. Сондай-ақ жастар «буккросинг» бұрышында кітапсүйер қауымды кітап алмастырып оқуға шақырды.

Мәдени-көпшілік шараның қорытындысына қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысып, әкімдік еңбекқор жастарға, олардың идеясы мен ұсынысына әрқашан қолдау көрсететінін атап өтті.

–Мемлекет басшысы жалынды жастар еліміздегі оң өзгерісті қозғаушы күшіне, мықты тірегіне айналуы керек екенін атап өтті. Жастар күні жыл сайын ерекше ұйымдастырылып, кең көлемде тойланып келеді. Жергілікті атқарушы орган мұндай шараларды әрқашан қолдайды. Нәтижесінде креативті әрі отансүйгіш жастардың қатары одан сайын арта береді деп сенемін, — деді Нұржан Ермұханов.

Фестиваль аясында қала тұрғындары мен қонақтарына Jeltoksan, Adil, Dosekesh сынды қазақ эстрадасының жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.

Шараны ұйымдастырушы – «Ақ сұңқар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұрсұлтан Зиядаевтың айтуынша, атыраулық жастардың алдағы жоспарлары ауқымды.

Фестиваль аясында қала тұрғындары мен қонақтарына Jeltoksan, Adil, Dosekesh сынды қазақ эстрадасының жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.

Майра СЕЙІТҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button