Баннер 9 мая от газеты Атырау

Атырауда ауа сапасы нашарлайды

210201072418258a3747554i Жаңалықтар

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 1 ақпан күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады.

Атап айтқанда, қолайсыз метеорологиялық жағдай Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Петропавловск, Семей Өскемен қалаларында болады.

Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

«Қазақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз