Жайық Тайпақта 25 сантиметрге көтерілді
Жайық өзенінің деңгейі БҚО-ның Январцево ауылында — 10 см, Орал қаласындағы гидропостта — 5 см, Көшімде 3 сантиметрге түссе, Тайпақ ауылы тұсында 25 сантиметрге артқан. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары хабарлады.
Ал БҚО-нан келетін су есебінен Индербор кентінің гидропостында су деңгейі бір тәулікте 19 сантиметрге көтерілді. Махамбетте — 8 см, Атырау қаласының гидро бекетінде 3 сантиметрге өскен.
Айта кетейік, Иректі су қоймасынан секундына 192 текше метр су жіберілуде.
Қиғаш өзенінің деңгейі бойынша мәлімет жаңарды. Шортанбай гидро бекетінде бір тәулікте — 8 см, Котяевкада — 9 см, Ганюшкинода 4 сантиметрге көбейді. Ал Волгоград гидроэлектр бекетінен секундына 25 610 текше метр су жіберілуде.
Малика ТӘКЕЖАНОВА
Сурет: ҚазАқпарат