ҚЫЗЫЛҚОҒАДА ҚАР СУЫ ЕРІП ЖАТЫР…

screenshot 20220227 231704 Жаңалықтар

Қызылқоға ауданында еріген қар суларын сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

27 ақпан күні сағат 15.05-тен бастап, Қызылқоға ауданы Миялы ауылының Ж. Жабаев, И. Тайманов, Т. Харабалина, Қ. Сатпаев көшелері бойындағы 25-30см болатын еріген қар суларын сору жұмыстары жүргізілуде.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері,
Жергілікті атқарушы органның 6 қызметкері және 2 бірлік техника, 2 мотопомпа жұмылдырылды.

Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз