Жарнама
Жаңалықтар

Жайық деңгейі Махамбетте 10 метрге жақындады

Жайық өзенінің деңгейі Индербор кенті маңында бір тәулікте 12 сантиметрге көтеріліп, 1026 сантиметрге жетті. Қауіпті деңгейден 181 сантиметрге артық.
«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы мамандарының мәліметінше, Махамбет кентіндегі гидропостта 15 сантиметрге көбейіп, 939 сантиметрді құрады. Қауіпті деңгейден 89 сантиметрге көп. Атырау қаласының гидропостында су деңгейі 5 сантиметрге өсіп, 533 см болды. Иректі су қоймасынан секундына 192 текше метр су жіберілуде.
Қиғаш өзені Шортанбай гидропостында 1 сантиметрге төмендеді, Котяевка мен Ганюшкино ауылдарында өзен деңгейі өзгеріссіз. Волгоград гидроэлектр бекетінен секундына 15 880 текше метр су жіберілуде.
Сондай-ақ Жем өзенінің суы бір тәулікте 1 сантиметрге азайды.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button